Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтауда әйелді қағып өлтірген көлік жүргізушісі ұсталды – (Видео)

0 343

Ақтауда бес жасар қызымен бірге жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кезде әйелді көлік қаққан. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға кеше сағат 23:40 шамасында 16 және 19-шағын аудан арасында болған. Полицияға шақырту 23:45-те шақырту түскен.

«Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі жолаушыны қағып кетті. 29 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты. Бес жасар қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында есін жимастан қайтыс болды», – деді департамент өкілі.

Оқиғаның мән-жайы тергеуден соң анықталады. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.