Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтауда итбалықтың екі метрлік мүсіні орнатылды

0 569

Ақтауда «наразылық» белгісі ретінде итбалықтың екі метрлік мүсіні орнатылды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Итбалықтың» шағын архитектуралық формасын шығармашылық ұжым жасаған. Авторлық туынды демеушілік қаражат есебінен Ақтау қаласындағы 15-ықшамаудан жағалауында орнатылған.

Нысан биіктігі – 2,3 метр. Ол металл құрылымнан жасалып, сырты тот баспайтын болатпен қапталған.

Сурет: «Итбалық»\inAktau.kz

Әкімдік мәліметінше, итбалық Ақтаудың символдарының бірі – Каспий теңізінің эндемигі.

«Авторларды, кейінгі бірнеше жылда осы әдемі жануарларға қатыгездікпен қарау туралы жаңалықтар алаңдатады. Бұл шағын архитектуралық пішін – бізді қоршаған өте нәзік және қорғансыз әлемге қатыгез көзқарасқа наразылық», – деп түсіндірді әкімдік өкілдері.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.