Қайғылы оқиға 12 қаңтар күні кешкі сағат 22.00-де болған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Қалалық Полиция басқармасының мәліметінше, ер адам 16-шағынаудандағы «Керемет» тұрғын үй кешенінің 9-қабатынан құлаған.
«Аталмыш дерек Қылмыстық кодекстің 105-бабына сәйкес, Ақтау қалалық ПБ-ның сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Кісі өліміне байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды» деп жазылған полиция хабарламасында.