Аралас жекпе-жектен «Naiza 41 x Eagle 48» халықаралық турнирі аяқталған соң бір топ жанкүйерлер UFC-дің экс-чемпионы Хабиб Нұрмағамбетовке бас салған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Лада басылымына сілтеме жасап.
Жас жанкүйерлер спорт жұлдызымен бірге суретке түсуге тырысқан. Олар спортшыны қоршап алғанымен, күзет пен полицейлер жұлдызды көлікке дейін жеткізген.
Турнир өтіп жатқан кезде жанкүйерлермен бірнеше рет жанжал болған. Билетсіз жастар қоршаудан секіріп өтіп, амфитеатр сахнасына бармақ болыпты. Полиция қызметкерлері үлгермеген соң СОБР қызметкерлері жұмылдырылған.
Жекпе-жектер кешке дейін жалғасып, көрермендер тек түнгі 02:00 шамасында тарқасты. Ал жағалауда сусындардың бөтелкесі мен өзге де қоқыстар қалған. Ақтау тұрғындары әлеуметтік желіде қатты музыкаға шағымданды.