Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтауда 24 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

0 456

Ақтауда көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен қыз қайтыс болды, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі lada.kz. сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 15 шағынауданда болған. Куәгерлердің айтуынша, қыз 15 шағынаудандағы «Оазис» тұрғын үй кешенінің 15-қабатындағы пәтер терезесінен құлап кеткен.

Полиция департаменті 29 желтоқсанда 17:58-де шақырту түскенін мәлімдеді. Марқұмның 24 жаста екені айтылды.

Ведомство өкілі қазір осы дерек бойынша жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатқанын айтты.

Бұған дейін Алматыда әйел 12-қабаттан секіріп кеткені хабарланды. Кейінірек қалалық полиция қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсау дерегін растаған еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.