Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтау қоқысқа батып қалуы мүмкін: қоқыс полигоны жабық

0 415

Мәселе қоқыс шығаратын кәсіпорынның қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға арналған полигон шығындарын өз тарифіне қосуға келіспеуінен туындаған.

Ақтауда қоқыс төгетін полигон жабық. Қаладағы қоқыстардың 85 пайызын шығарумен айналысатын компанияны полигонға кіргізілмей отыр.

Облыстық «Лада» газетінің хабарлауынша, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаратын полигонға иелік ететін «Маңғыстау жылу» мемлекеттік кәсіпорнының басшылығы Мұнайлы ауданы әкімінің тапсырмасымен наурыздың 25-і күні оны Ақтау қаласының тұрғындарының 85% қызмет көрсететін «Caspiy Operating» компаниясы үшін  уақытша жабу туралы шешім қабылдаған.

 

Компания олардың қызметі толығымен тұрып қалғанын, бұл елдің экологиялық кодексінің талаптарын бұзатынын айтты.

 «Антисанитарлық жағдай қалыптасып, халықтың үйреншікті тіршілігі бұзылып, үйінділер пайда болып, қоқыс үйіліп жатыр. Бұл эпидемиологиялық жағдайдың нашарлатып, жергілікті атқарушы органдардың беделіне нұқсан келтіреді. Кейіннен «Caspiy Operating» ЖШС қомақты шығындарға ұшырайды, өйткені қазіргі жағдайды тұрақтандыру үшін қосымша жұмыс істеуге мәжбүр болады» делінген қоқыс шығаратын компанияның хабарламасында.

Жаңа Экологиялық кодекс күшіне енгеннен бері тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару және кәдеге жарату бойынша бұрынғы тариф өзінің заңды күшін жоғалтты. Өз кезегінде, Ақтау қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, жаңа тариф барлық инстанцияларда, соның ішінде қоғамдық кеңесте есептеліп, келісілгенімен, қаңтар оқиғасына және тарифке жарияланған мораторийге байланысты қалалық мәслихатта бекітілмеген (бірақ бұл тариф мораторийге жатпайды).

«Маңғыстау жылу» мемлекеттік кәсіпорны басшылығы «Caspiy Operating» ЖШС қала тұрғындарынан залал келтіріп, қоқыс шығаратын кәсіпорынға қаладан  әкелінген қалдықтардың 100 пайызын есептеп шығаруға міндетті деп санайды, себебі  халықтың 60%-ға жуығы қызмет ақысын төлейді.

«Маңғыстау жылу» мемлекеттік кәсіпорны, «Caspiy Operating» ЖШС және Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілдерімен өткен кездесуде заңгер бұл туралы түсіндірген. Полигон халықпен ашық  келісім-шарт жариялап, көмуге қаражатты өз бетімен жинауы керек.

Алайда, «Маңғыстау Жылу» МКК «Caspiy Operating» ЖШС 2022 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 10 миллион теңгеден астам қарыз болып, ақшасын төлемегендіктен полигонның қақпасын жауып тастаған деп есептейді.

Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі соңғы екі айда «Caspiy Operating» 8 млн теңге қарыз болғанын мәлімдеді.

 «Компания қарызды уақтылы төлеуден бас тартып отыр. «Caspiy Operating» басшылығы қарызды өтеу бойынша қандай да бір  келісімге келуден бас тартты. «Маңғыстау жылу»  МКК келісе алмағандықтан олармен жұмысты тоқтатуға мәжбүр болды. Бұл полигонды күтіп ұстауға кедергі жасайды»  деп түсіндірді Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақтауда тұрғындар толып кеткен қоқыс жәшіктері мен қоқыс уақтылы шығарылмағанына шағымдана бастаған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.