Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаңтар қырғыны: Алматы облысында кәмелетке толмаған 8 бала босатылды

0 156

Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов «Билікті басып алмақ болған» деген бап бойынша 15 іс қаралып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрдәулетов Тоқаевқа бүгінге дейін 3070 қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлады. Оның 2710-ы ішкі істер органдарымен тексерілуде. Бас прокурор хабарлағандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны туралы азаматтардан түскен хабарламалар бойынша 173 іс жүргізуде.

ҰҚК мемлекетке опасыздық жасады, билікті асыра пайдаланды және билікті басып алмақ болды деген айыптар бойынша 15 істі қарап жатыр. Арнайы прокурорлар жетекшілік ететін ведомствоаралық тергеу тобы тәртіпсіздіктер мен лаңкестік әрекеттерге қатысты 179 істі қарауда.

Сонымен қатар тәртіпсіздіктің шарықтау шегінде кеңсе ғимараттарын тастап кеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.