Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаңтар оқиғасы кезінде «тергеудің рұқсат етілмеген тәсілдерін қолданған» 9 күдікті қамалды

0 557

Қазақстан Бас прокуратурасы қаңтар оқиғасына байланысты ұсталған азаматтарға тергеудің рұқсат етілмеген тәсілдерін қолданды деген күдікпен тоғыз қызметкер ұсталғанын мәлімдеді.

Ведомствоға қарайтын қылмысты тергеу қызметінің басшысы Серік Шалабаевтың айтуынша, қаңтар оқиғасынан кейін азаптау мен қызмет бабын асыра пайдалану айыптарымен 203 адамға қылмыстық іс қозғалған. Оларды арнайы прокурорлар тергеп жатыр.

16 ақпанда Бас прокуратура қаңтар оқиғасына байланысты «тергеудің рұқсат етілмеген тәсілдерін» қолдану және азаптау бойынша 363 арыз түскенін мәлімдеген. Қазір сегіз іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Арасында Атырауда «Динамо» стадионында болған жағдай, Талдықорғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін құлатты деп күдікке ілінген Азамат Батырбаевтың арызы, сонымен бірге Алматы облысында полицияда «азапталған» кәмелетке толмаған Есболатовтың арыздары бойынша істер бар.

Қазақстанда қаңтар оқиғасына байланысты мыңдаған адам ұсталып, жүздеген адамға «терроризм», «жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру», «қару-жарақ сақтау» секілді айыптар тағылды. Ұсталғандардың дені тергеу кезінде азапталғанын мәлімдеді. Ішкі істер министрлігі осыған дейін тергеу кезінде азаптау болғанын теріске шығарған.

Ресми мәлімет бойынша, азаптау кезінде алты адам қайтыс болған. Құқық қорғау ұйымдары қаңтар оқиғаласын тергеуге халықаралық мамандарды шақыруды сұраған. Бірақ билік оның қажеті жоқ деп мәлімдеді.

Қарай отырыңыз: «Итше жетектеп, басымнан ұрды». Қаңтар көтерілісінде қос жанарынан айырылған жігіттің оқиғасы.

"Итше жетектеп, басымнан ұрды". Қаңтар көтерілісінде қос жанарынан айырылған жігіттің оқиғасы
LG
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.