Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтөбелік тұрғын әскери техниканы заңсыз сақтаған

0 171

Ақтөбе облысында 20 жыл бойы БТР-60 бронтранспортерін сақтап келген тұрғын ұсталды,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам оны шамамен 2000 жылдары белгісіз біреуден сатып алған, енді қажеті болмағандықтан сатып жібермек болған.

Әскери техниканың құжаттары жоқ.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 386-бабы 1-бөлімі бойынша (Көлік құралының идентификациялық нөмірін өзгерту, қолдан жасау, жойып жіберу) тіркелді.

Көлік иесі аса ірі көлемде айыппұл арқалауы немесе екі жылға бас бостандығынан айырылу, шектеу жазасына тартылуы мүмкін.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.