Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтөбелік депутат әлеуметтік желіде өзіне тіл тигізген мұғалімді сотқа берді

0 349

Ақтөбе қаласының тұрғыны әрі бұрынғы колледж оқытушысы облыстық мәслихат депутатына тіл тигізгені үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Диапазон» газетінің жазуынша, барлығы Facebook әлеуметтік желісіндегі білім басқармасының жазбасынан басталған, онда ауылшаруашылық колледжінің директоры Амангелді Есеркеповті зейнеткерлікке салтанатты түрде шығарып салу рәсімі туралы айтылған. Бұл оқиға 2011 жылдың жазында болған. Жазба астына желі қолданушыларының бірі қорлайтын сөздер қалдыра бастаған. Бұл сөздер шамына тиген депутат автордың үстінен қылмыстық сотқа арыз жазған.

Айыпталушы азамат ауыл шаруашылығы колледжінің бастапқы әскери дайындық пәнінің бұрынғы оқытушысы болып шыққан, бұған дейін оны Есеркепов прокурордың қаулысымен жұмыстан шығарып жіберген екен.

Айыпталушы әлеуметтік желіде тіл тигізбегенін, ол жерде тіпті тіркелмегенін айтып, кінәсін мойындамаған.

Сот оның іс жүзінде аккаунты бар екенін, оның түсініктемелерінде психологиялық-филологиялық сараптаманың қорытындысы бойынша әдепсіз және қорлайтын сөздердің кездескенін анықтады.

Сот бұрынғы БӘД мұғалімін қорлау сөздері үшін 50 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім шығарды, бірақ кейін рақымшылыққа байланысты оны бұл жазадан босатқан. Сондай-ақ, сотталушы Амангелді Есеркеповке моральдық шығын үшін 100 мың теңге және бұл іс бойынша адвокаттардың жұмысы үшін 500 мың теңге төлеуге міндеттелді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.