Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтөбеде жүргізуші екі жаяу жүргіншіні қағып кетті

0 383

Ақтөбеде «Toyota Camry» жүргізушісі екі әйелді қағып кетті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

25 қыркүйекте «Toyota Camry» автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі «Қарғалы» тұрғын алабына келе жатып, жол бойында ілеспе бағытта бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол апаты салдарынан екі жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізуші ішімдік ішпеген.

Ақтөбе облысының полиция департаменті жүргізушілерді жолда аса мұқият болуға, жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға, басып озу маневрлерін қоспағанда, жылдамдық режимін шамадан тыс асырмауға, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шықпауға шақырады.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.