Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтөбеде қыз зорлады деп 14 жылға сотталған айыпталушы аштық жариялады

0 451

Ақтөбеде 14 жылға бас бостанығынан айырылған айыпталушы соттың шешіміне қарсы шығып, аштық жариялады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Диапазон басылымының жазуынша, сотталушының 41 жастағы әпкесі Татьяна БАҚ өкілдеріне жүгініп, көмек сұраған. Оның айтуынша, ағасы сот үкіміне қарсы аштық жариялаған, бұл оның денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Ағасы 14 жасар қызды зорлағаны үшін 14 жылға бас бостандығынан айырылған.

Бұл оқиға саяжайлардың бірінде орын алған. Алайда айыпталушы өз кінәсін мойындамайтынын айтқан.

«Оған жасамаған қылмысы үшін 14 жыл берді. Қыздық перденің зақымдалмағаны белгілі болды. Сонда қандай зорлық туралы әңгіме айтылып отыр? Ағам олардың құшақтасып, аймаласқандарын, барлығы өз еркімен болғанын айтты. Олардың арасында жыныстық қатынас болмаған. Ағам прокурормен, үкіммен келіспей, аштық жариялады. Өзіне қол жұмсай ма деп сескенемін. Ол үшінші топтағы мүгедек, аяғы жоқ. Жыл сайын протездеуге баратын, қазіргі уақыттағы заңмен олар оны емге алып бара ма, жоқ па екі ойлымын», – дейді сотталушының әпкесі.

Айта кетейік, мұндай қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сот сотталғанның кінәсі іс бойынша жүргізілген сараптамалар, жәбірленушінің және куәлардың айғақтарымен расталғанын түсіндірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.