Ақтөбе қаласының полицейлері қызметкерлері жат діни ағымның мүшелерін есірткімен ұстады деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
15 сәуір күні сағат 01.50-де патрульдік полиция қызметкерлері Жиенбаев көшесінде жол ережесін бұзған «Ваз-2114» автокөлігін тоқтатып, жолаушылардың бірінен пакетке салынған 15 дана газетке оралған салмағы 800 грамм марихуананы тәркіледі.
Енді көлікті жүргізген 37 жастағы азамат пен екі жолаушы Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі бойынша мүліктері тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін сотталуы мүмкін. Ұсталған адамдар жат діни ағымның мүшелері болып шықты.