Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтөбеде медуниверситет жатақханасынан өрт шықты

0 172

  Ақтөбеде Пацаев көшесіндегі медуниверситет жатақханасынан өрт шықты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 25 қаңтарда таңертең жатақхананың 3-қабатындағы бөлмеде тоңазытқыш жанған. Жалын бүкіл бөлмеге, ал қалың, улы түтін дәліздер мен басқа бөлмелерге тараған.

Өртті ауыздықтауға өрт сөндіру қызметтің 40-тан аса қызметкері, 11 арнайы көлігі жұмылдырылған.

«Бұл жатақханада 285 адам тұрады, олар – Үндістаннан келген студенттер. Бұл уақытта 95 студент оқуда, қалғандары ғимаратта болды. 16 шаршы метр бөлме толық жанып кетті, бірақ ешкім зардап шеккен жоқ. Қатты түтін жұмыс істеуге кедергі келтірді. Қызметкерлер жедел жұмыс істеді. Нәтижесінде 131 адам эвакуацияланды, 39 адам құтқарылды, өрт ауыздықталды», – деді Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің бастығы Арман Қадыров.

Ол қазір осы жатақханадан студенттерді басқа ғимаратқа уақытша орналастыру мәселесі шешіліп жатқанын айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.