Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтөбеде мас әйел 5 айлық баласын орындықтың үстінде ұмытып кеткен

0 109

Ақтөбеде мас әйел 5 айлық баласын есік алдындағы орындыққа тастап кеткен. stan.kz

Баланы жанынан өтіп бара жатқан әйел тауып алған. Сөзінше, анасы мас болған, ал бала орындықта жылап жатқан

“Мен оның анасын мас күйінде көрдім. Ол белгісіз бағытқа кетті, ал бала орындықта қалды”, – деді баланы полицияға тапсырған әйел.

Полиция мәліметіне сәйкес, шамамен бір сағаттан соң полиция көмегіне 1997 жылы туған әйел жүгініп, баласының жоғалып кеткенін мәлімдеген.

“Бүгін түнгі сағат бір шамасында Ақтөбе полициясының кезекші бөліміне әйел бес айлық баланы алып келді. Бір сағаттан соң 1997 жылы туған анасы қоңырау шалып, баласының жоғалып кеткенін айтты. Полиция әйелді тауып, отбасыны жағдайы төмен ретінде тіркеуге алған. Баланың әкесі туралы ақпарат жоқ”, – делінген Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.