Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтөбеде «Land Cruiser» жүргізушісі оқушыны қағып өлтірді

0 297

Ақтөбеде Land Cruiser жол талғамайтын көлігінің жүргізушісі  оқушыны қағып кетті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 3 желтоқсанда кешке болған.

«Land Cruiser Prado автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі Пацаев көшесі бойымен Ақтөбе жедел медициналық жәрдем станциясына қарама-қарсы реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолында жаяу жүргіншіге жол бермеді.  2006 жылы туған кәмелетке толмаған жасөспірімді қағып кетті», – делінген ақпаратта.

Апат салдарынан жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі («жол қозғалысы ережелерін бұзу») бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ, 3 желтоқсанға қараған түні BMW тізгіндеген ақтөбелік бойжеткен автобус аялдамасына соғылған.

Зардап шеккен жүргізуші Ақтөбе жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.