Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтөбеде халықаралық іздеуде жүрген күдікті қолға түсті

0 119

Ақтөбеде Ұлттық ұлан қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 10 тамыз күні сағат 21:40 шамасында 6655 әскери бөлімінің қызметкерлері масаң күйде тұрған күдікті азаматты тоқтатып, құжаттарын тексерген. Нәтижесінде, ер адамға Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары іздеу жариялағаны анықталады. Сондай-ақ, күдіктіге елімізде де Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-тармағы (Алдын ала сөз байласу арқылы ұрлық жасау) бойынша іздеу салынғаны белгілі болды.

Ұлттық ұланның хабарлауынша, күдікті дереу Ақтөбе қаласының полиция басқармасына жеткізілген.

aikyn.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.