Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтөбеде адам өлтірді деп айыпталып, ауруханадан қашып кеткен күдікті ұсталды

0 274

Ақтөбедегі ауруханадан қашып кеткен күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлады, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Дерек бойынша Ақтөбе облысының Полиция департаменті соталды тергеуді бастады (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 426-бабы «Бас бостандығынан айыру орындарынан немесе қамаудан қашу»). Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметтік тексеру жүргізеді. Тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады», – деді Ақтөбе облысы ҚАЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, 23 қаңтарда таңертең Ақтөбе жедел медициналық жәрдем ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде емделіп жатқан ер адам қамаудан қашып кеткені хабарланған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.