Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтөбеде 20 қабаттан жөсөсіпірім қыз секіріп кетті: Жақындары оның өліміне себеп болуы мүмкін дүниені атады

0 243

Ақтөбеде 13 жасар қыздың жұмбақ жағдайдағы өлімі тексерілуде. Диана қаладағы ең биік көпқабатты үйдің 20 қабатынан секіріп кеткен. Қыздың ата-анасы, мұғалімдері мен барлық таныстары болған оқиғадан есеңгіреп қалған. Айтуларынша, қыз балада қандай да бір қиындыққа тап болғанының көрінісі байқалмаған. Сонымен бірге жетінші сынып оқушысын танымал виртуалды ойын суицидке итермелеген болуы мүмкін. Бұл нұсқаны қазір тергеушілер анықтауда,-деп хабарлайды «Zhambyl-Taraz» ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Диана Қожақовтар отбасындағы үш баланың үлкені болатын. Әкесі ешқашан қолын қақпаған қызының бұндай әрекетке неліктен барғанын түсінбейді. Қайғылы оқиға орын алатын күні қыз құрбысымен бірге киноға бару үшін сұранған. Ал кешкісін қыздың қаза тапқаны жайлы хабар келеді.

Қыз 20 қабатты ғимараттың балконынан секіріп кеткен. Бұл уақытта аулада балалар ойнап жүрген. Қорқынышты оқиғаның куәгері болған олар, қорыққандарынан жақын үйлердің біріне кіріп кеткен.

Жетінші сынып оқушысының құлаған сәтін көрші үйдің бақылау камерасы жазып алған. Полиция мен жедел жәрдем келгенге дейін қыз жан тәсілім еткен.

«Көрсетілген үйдің алдына келген полиция жасағы 25 қабатты үйдің 20 қабатынан құлаған 2008 жылы туған кәмелетке толмаған қыз баланың мәйітін тапты», – дейді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде хабарлама пайда болған. Онда автор балалардың телефонын тексеруді айтып, Диананы суицид жасауға Among Us виртуалды ойыны итермелегенін алға тартады. Айтуынша, қыз бір жыл бойына түрлі тапсырмаларды орындап, ал соңғы уақытта кесілген фигураларды сала бастаған. Қыздың ата-анасы болса Диананың шынымен бұл ойынға қызыққанын жасырмайды. Бірақ түрлі түсті ойынның баланың психикасына қалай әсер еткендігін түсіне алмайды.

«Онда негізінен анимеге ұқсас суреттер бар. Бұл суреттерге қарап не топшылау мүмкін екенін білмеймін. Бұл суреттерді мен өзім кеше ғана көрдім. Онда бөлек салынған қолдар бар. Содан соң Among Us ойынының өзі слайд сияқты», – дейді қыздың әкесі Ерболат Қожақов.

Бұл танымал ойын төңірегіндегі дау Қазақстанда алғаш рет болып тұрған жоқ. Өткен жылдың қарашасында ата-аналар әлеуметтік желілерде бұл ойынның қаупі туралы жазған. Олар ойын балаларды суицидке итермелейді деген болатын. Сол уақытта мектеп оқушыларының бірі тапсырмаларды орындаймын деп өз-өзіне қол салған. Бұл іске тіпті елордалық шенеуніктер араласқан. Олар ойынды жіті тексеріп, алайда ешқандай қауіпті элементтер табылмаған соң ата-аналардың өздерін абай болуға шақырған. Дәл осындай ескертулер осы жолы да айтылды.

«Мен бұл оқиға бойынша ата-аналардың өздерін жұмыс жасауға шақырамын, өз балаларын жақсы білулері қажет. Оларға үнемі назар аударып, қадағалап отырған абзал. Қажетті фактілерді бірінші кезекте мектепке және психологқа хабарлаңыз», – деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.

Тергеушілер қазір суицидтің шынымен де ойынмен байланысының бар-жоғын анықтауда. Полицейлер қыршын кеткен қыздың телефонын тексеруде. Олар Дианамен қаза таппас алдын жолыққан сыныптасынан жауап алуға ниетті. «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша іс қозғалған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.