Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтөбе облысында өзеннен екі зейнеткердің мәйіті табылды

0 278

Ақтөбе облысында Темір өзенінен екі зейнеткердің мәйіті табылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

23 қарашада Темір ауданының тұрғыны Темір өзенінен адамның мәйітін тауып алып, полицияға хабарлаған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жіберілді. Олар Кеңқияқ кентінің 65 жастағы тұрғынының мәйітін судан алып шықты.

Туыстарынан жауап алу кезінде марқұмның көршісімен бірге мал іздеуге кеткені белгілі болды.

Тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын өзен түбінен сүңгуірлер 63 жастағы көршісінің де мәйітін тауып шығарды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.