Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтөбе облысында Өзбекстан азаматы 5 адамның өліміне себепкер болды

0 162

«Самара – Шымкент» тасжолында болған жол апатынан 5 адам көз жұмды, деп жазды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға сенбі, 30 қаңтар күні кешкі сағат 19.20-да Өлке ауылына жақын жерде болған.

«Рөлде Өзбекстан азаматы отырған Mercedes маркалы жүк көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, қарсы шыққан Toyota Camry-ға соқтығысқан. Соққының қатты болғаны сонша, жеңіл көліктің 34 жастағы жүргізушісі және салонда отырған 4 жолаушы оқиға орнында көз жұмды», – дейді полицейлер.

Қазір Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Бұл бапта 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.