Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтөбе облысында «бомба қойылды» деп әзілдеген студент ұсталды

0 121

Ақтөбе облысында студент Жосалы кентіне “бомба” қойған, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше,13 желтоқсан күні сағат 01.30-да Қарғалы аудандық полициясының кезекші бөліміне ер адам қоңырау шалып, Жосалы кентіне «бомба қойылғанын» айтқан.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ешқандай жарылғыш зат табылмаған. Кейін полиция инспекторы күдікті ретінде 18 жастағы колледж студентін ұстады.

Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.