Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтөбе облысында бір үйдің үш баласы тірідей жанып кетті

0 181

Ақтөбе маңында Lada Largus көлігі мен жүк көлігі соқтығысты. Жантүршігерлік оқиға кезінде 2007, 2009 және 2021 жылы туған үш бала қайтыс болдыдеп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Соқтығыстан кейін көлік отқа оранып, балалар көлік ішінде қалып, тірідей жанып кеткен. Ал олармен бірге болған әкесі аман қалған. Түрлі дене жарақатын алған ол қазір ауруханада жатыр.

«Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі басып озуға арналған жолақтың бос екеніне көз жеткізбей, DAF (жүк көлігі) көлігімен соқтығысқан. Осыдан кейін Lada Largus арыққа түсіп кетіп, кейін өртке оранған», – деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаментінен.

Полицейлер жол қозғалысы ережелерін сақтау керектігін ескертті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.