Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтөбе облысында бес адам жол апатынан көз жұмды

0 292

21 тамызда Ақтөбе облысында жол апаты болып, бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қандыағаш қаласынан Кеңқияқ ауылына бет алған Lada Largus көлігінің 40 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Апат Покровка-Жаңажол тас жолының 54-шақырымында болды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы көз жұмды, олардың біреуі бала. Тағы бір адам Орталық аудандық ауруханада көз жұмды. Сонымен қатар 5 адам ауруханаға жатқызылған (олардың үшеуі кәмелетке толмаған).

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.