Қытай Тайваньнан 3 тамыздан бастап мұздатылған балықтың бірнеше түрін және цитрусты өнімдерді кіргізуді тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«2022 жыл 3 тамыздан бастап цитрусты, салқындатылған қарапайым семсер балық пен мұздатылған ставриданы Тайваньнан құрлыққа кіргізуді тоқтату туралы шешім қабылданды», – делінген хабарламада.
Мұндай шешім қабылдауға аталған өнімдерден зиянкестер мен COVID-19-дың анықталуы себеп болған.
Сонымен қатар АҚШ өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің аралға келуі аясында Қытай әскері Тайвань маңында 2 тамызда кешке әскери операциялар бастаған.
«2 тамызда кешке Қытай Халықтық-азат етуші әскерінің Шығыс аумағы Тайвань аралы маңында бірнеше әскери операциялар өткізеді. Сонымен қатар Тайваньның оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, солтүстік әуе кеңістігі мен теңіз акваториясында бірлескен әскери-әуе және әскери-теңіз оқуларын өткізеді», – деді Қытай Халықтық-азат етуші әскерінің ресми өкілі Ши И.
Айта кетейік, АҚШ өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси мінген америкалық Boeing C-40C ұшағы Тайбэй қаласына қонған еді.