Қалалық қоғамдық-саяси газет

АҚШ-қа жіберуге уәде берген компания азаматтардан 2 мың доллардан алған

0 184

Алматыда клиенттерін АҚШ-қа жібереміз деп уәде еткен алаяқтар ұсталды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

 Әрбір азаматтан 2 мың доллардан алған, барлығы 40 адам тұзаққа ілінген. «Бәрі жақсы болады деп уәде берді. Біз бәрін жасаймыз, деді. Қызметтке ақысын төледік. Бес адам болдық. Осы кезде басқа адамдарда ақша төлеген еді. Енді не болар екен деп отырғанда компанияның менеджерлері мен қызметкерлері бізбен байланысқа шығып отырды. Бірақ содан соң жауап бермей қойды», – дейді Алексей Голиков.

Компанияның кеңсесінің алдында наразы клиенттер жиналды. Екі айдан бері олар басшылықпен байланыса алмай отыр. Агенттіктің есіктері жабық. Адамдар Штаттарға ақша табу немесе оқуға түсу үшін баруды армандаған. Мұнда барлығын ұйымдастыруға уәде берген. Бірақ клиенттер уәде етілген тіл курстарына да қатыса алмаған. Қазір іспен құқық қорғау органдары айналысуда. Олар екі күдіктіні ұстады.

Егер олардың кінәсі дәлелденсе, күдіктілер 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Осы қылмысты жасады деген күдікпен өткен жұмада екі адам қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеудің толықтығын, жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған тергеу және жедел іс-шаралар кешені жалғасуда», – дейді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.