Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақордада өткен салтанатты рәсімде ыңғайсыз жағдай болды (ВИДЕО)

0 425

Жылдағы әдеттен жаңылмай, ұлы мейрам – Тәуелсіздік мерекесі күні қарсаңында ел дамуына елеулі үлес қосқандар Ақордаға шақырылып, жоғары наградаралармен марапатталды. Олардың ішінде Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан да бар, деп жазды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Нұрағаң салған нұрлы жолмен бастай беріңіз. Соны қасқа жолға ұластырыңыз. Ерте білу сізге серт, ере білу бізге серт. Елбасы іргесін қалап, қабырғасын тұрғызған мемлекеттің өрнегін айшықтап, бау-бақшасын жайнатып, қақпасын қатайтып жатырсыз, Қасаға!» – деді халық қалаулысы өз сөзінде.

Салтанатты шара барысында Мәжіліс депутаты IІI дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. I және ІI дәрежелі ордендерге қарағанда, бұл награда мойынға тағылады. Алайда, депутат Бекболат Тілеуханның көңілі қатты толқыса керек, қолын көтеріп, лентаны иығына аспақ болады. Бірақ Президент оны тоқтатты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.