Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмолада мектеп өртенді

0 173
Ақмола облысының Зеренді ауданында мектептен өрт шықты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

 Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт биылғы жылғы қазанның 26-да Зеренді ауылының №2 жалпы білім беретін мектебінде орын алған. Тілсіз жау 40 шаршы метр алаңда шарпыды.

«Өрт 02:05-те ауыздықталып, 15 минут ішінде сөндірілді. Өрттің шығу себептері анқыталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ», – деді ведомстводан.

Облыстық білім басқармасынан атап өткендей, өрт шыққан мектептеде сабақ осы аптаның соңына дейін онлайн режимге өтеді.

Осы ретте Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барлық тұрмыстық электр аспаптарын қолданғанда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.