Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмола облысындағы әлімжеттік: Жеті тәрбиеленуші оқудан шығарылды

0 467

Ақмола облысы Степногорск қаласында интернатта өзінен кіші балаларға әлімжеттік көрсеткен оқушылар оқу орнынан шығарылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысында айтылды.

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаевтың айтуынша, оқушыларды ұрғаны үшін еркін күрес бөлімінің төрт тәрбиеленушісі және барлық іс-әрекеттерді бақылап тұрған үш бала оқу орнынан шығарылды.

«Бұл балалар интернатқа қайта оралмайды. Балалар қарапайым мектептерге оралды. Олардың екеуі Нұр-Сұлтанға, үшеуі – Красноярға, біреуі – Ақкөл қаласына кетті, біреуі Степногор қаласында тұрады. Комиссия оларды есепке алуды ұсынды», – деп атап өтті Бүкібаев.

Сонымен қатар тексеру қорытындысы бойынша интернат-колледжінің директоры Т.Тоққожинов қызметінен босатылды. Өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәрбиеші Ж.Хабахай, еркін күрес бөлімінің жаттықтырушы-оқытушысы А.Қалижанов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы. А.Құрманбаева және директордың спорт жөніндегі орынбасары М. Мақышев қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапқа тартылды.

Қазіргі таңда Ақмола облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 141 бабыбының 1 бөлігі «балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» және 194 бабының 2 бөлігі «қорқытып алушылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске салсақ, бұған дейін Степногорск қаласындағы мектеп-интернатының оқушылары өздерінен кіші балаларға әлімжеттік көрсеткені айтылған еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.