Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмола облысында шенеунікке 21 млн айыппұл салынды

0 259

Ақмола облысында Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысына 21 миллион теңге айыппұл салынды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақмола облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша бюджет қаражатын жымқыру деректері анықталды.

«Департамент басшысының жалған құжаттар бойынша іс-сапар шығыстарына бөлінген ақшалай қаражат алғандығы анықталды. Көкшетау қалалық сотының үкімімен 2022 жылғы 12 шілдеде Департамент басшысы С.Т.Алтаев ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі 2-бөлімшесінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған жымқырылған мүліктің он еселенген мөлшерінде, яғни 21 033 110 теңге айыппұл салынып, өмір бойы мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу құқығынан айырылды», – деді ведомство.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.