Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмола облысында газ баллоны жарылып, үш адам мерт болды

0 404

Ақмола облысында газ баллоны жарылып, бірнеше адам көз жұмды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ деректері бойынша 16 қарашада Ақмола облысының Шортанды ауылы Линейная көшесінде газ баллоны жарылған.

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли Шортанды кентінің №18 кезекші қызметіне хабарлама 21:38-де келіп түскен.

“Оқиға орнына келген қызметкерлер тұрғын жайдың шатыры өртенгенін анықтаған. Өрт аумағы шамамен 350 шаршы метрді құрады. Өрт 22:35-те қоршауға алынып, 23:55-те өшірілді. Оқиға орнында үш адамның денесі табылды. Түрлі жарақаттармен 10 адам аудандық орталық ауруханаға жатқызылды”, – дейді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге ТЖД күштерінің 35 қызметкері мен жеті техникасы, сондай-ақ «Жер Ана» ЖШС МЕӨҚҚ төрт қызметкері мен бір техникасы жұмылдырылды.

“Өрттің себептерін анықтау үшін Ақмола облысының тергеу-жедел тобы мен зерттеу-өрт зертханасы жұмыс істеп жатыр” – дейді ҚР ТЖМ баспасөз қызметінде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.