Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақ үй қазақ қызы Сәуле Омарованың кандидатурасын сенатқа мақұлдауға жіберді

0 424

Ақ үй АҚШ валюта басқармасының жетекшілігіне 55 жастағы Сәуле Омарованы тағайындауды ұсынып, сенатқа ұсыныс жолдады (Comptroller of the Currency), деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Сенатқа Нью-Йорктен Сәуле Омарованы АҚШ-тың ақша айналымын бақылау басқармасының (Comptroller of the Currency) басшысы лауазымына бес жыл мерзімге тағайындау туралы ұсыныс жіберіледі», – делінген Ақ үй хабарламасында.

АҚШ ақша айналымын бақылау басқармасы (Office of the Comptroller of the Currency) АҚШ Қаржы министрлігінің Тәуелсіз бөлімшесі, сондай-ақ елдің банк секторының негізгі реттеушісі болып табылады.

Басқарманың 1 200 триллион долларлық жиынтық активтері бар. Басқарма 14 банкті бақылайды. Бұл – елдегі банк жүйесінің барлық активтерінің үштен екісін құрайды.

Сәуле Омарова аталған лауазымға бекітілген жағдайда, 1863 жылы құрылған басқармаға жетекшілік ететін қазақстандық алғашқы әйел болмақ.

Ескерте кетейік, АҚШ-та валюта басқармасының жетекшілігіне кандидатты президент ұсынғанымен сенат мақұлдайды. Сәуле Омарованың кандидатурасы бекітілуі үшін сенаттағы демократтар бірауыздан оны қолдауы тиіс.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.