Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Тастақ» тұрғын алқабының көшелері жөнделуде

0 220

Тараз қаласында жолдарды жөндеуге ерекше көңіл бөлінуде. Әсіресе бұрын-соңды жол игілігін көрмеген аумақтарға айрықша назар аударылуда.

Соның бірі – «Тастақ» (Толчок) тұрғын алқабы. Бүгінде мұн-дағы Алатау көшесінің 1-ші бұрылысы (мешіттен №27 үйге дейін), Жанболатов көшесінің тұйығы (Алатау көшесінің 2-ші бұрылысынан №10 үйге дейін) және Пригородный көшесінің бұрылысы орташа жөндеуден өткізілуде. Қазіргі таңда жол негіздемесі дайындалуда.
Құрылыстың мер-дігері – «B grass» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, техникалық қадағалау- шы – «АКГЕМ строй» ЖШС.
– Алқапқа қарасты көшелер орташа жөндеуден өтуде. Жолдың ұзындығы 1 шақырым 870 метрді құрайды. Құрылыс басында 5 арнайы техника және 10-ға жуық адам жұмыс істеуде. Межелі мерзімде жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтауды көздеп отырмыз, – дейді техникалық қадағалаушы Темірлан Қалдашов.
Бұл іске тұрғындар да дән риза.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.