Қаланың қарқынды дамуы мен тұрғындар санының артуы жол ин- фрақұрылымына қойылатын талапты да күшейте түсуде. Сапалы әрі қауіпсіз жол тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруына қолайлылық сыйлап қана қоймай, шаһардың экономикалық және әлеуметтік дамуына зор септігін тигізеді. Бұл туралы күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты халыққа арнаған Жолдауында да айрықша атап өткен еді.
Жалпы, Таразда соңғы 4 жылда жолдарды жөндеу, көшелерді жаңғырту және көлік қозғалысын реттеу бағытындағы жұмыстарға айрықша басымдық беріліп келеді. Кеңірек тоқталсақ, 2022-2025 жылдары Таразда 325,2 шақырымды құрайтын 516 көшеге асфальт, 320 көшеге қиыршық тас жол салынды. Әсіресе көптен бері өзекті мәселе болып келген «Бурыл А,Б,В» алабында – 75 және «Барысхан» тұрғын алабында 24 көшеге асфальт төселді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде соңғы 4 жылда қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 56,2 пайыздан 71,5 пайызға дейін артты.
Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де толастаған жоқ. Осы жылдың жоспарына сәйкес, ұзындығы 34,7 шақырымды құрайтын 42 көшеге ұзындығы 14,8 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары жүргізілді.
«JT»-ақпарат