Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда 26 аулаға ойын алаңшасы салынуда

0 188

Аулаларды абаттандыру айрықша маңызға ие. Бұл, бір жағынан, шаһардың шырайын кіргізсе, екіншіден, балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне таптырмас мүмкіндік. Бүгінде бұл бағытта шаһарда ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Айталық, биыл Таразда «Проект и К» ЖШС-нің мердігерлігімен 26 аула абаттандырылмақ. Бүгінгі күні жиырма аулада негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, тек балаларға арналған ойын құрылғыларын орнату жұмыстары ғана қалып отыр.
– Қаладағы аулаларды абаттандыру жұмыстары бірер апта бұрын ғана басталды. Жұмыс күшіміз де, құрылғыларымыз да толықтай жеткілікті. Қазір негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды. Енді балалар ойнайтын құрылғыларды орната бастай-мыз, – дейді «Проект и К» ЖШС-нің учаске бастығы Ғабиден Бакшиев.
Осы орайда аулаларды абат-тандыру қала әкімі Бақытжан Орынбековтің жіті назарында екенін айта кеткен жөн.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.