Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Оқушылар сарайының» құрылысы аяқталуға жақын

0 234

  Тараз қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған науқастарды емдейтін алғашқы жабық манеж соғылуда. Иппотерпия орталығы мемлекеттік қаржыдан емес, жеке инвесторлардың көмегімен көтеріліп жатыр. Бүгін қала әкімі Ержан Жылқыбаев орталықтың құрылыс барысымен танысты. Жоспарға сәйке жоба биыл толық тәмамдалады.

Шаһарда «Оқушылар сарайының» құрылысы 85 пайызға аяқталды. Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығы наурыз айының соңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Дәл қазіргі кезеңде орталықтың ауласын абаттандыру және соңғы пысықтау жұмыстары жүргізілуде.

Кейін шаһар басшысы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясына барды. Республика бойынша ең алдыңғы қатарлы мектепте 2000-ға жуық оқушы білім алуда. Қазіргі таңда ғимарат жөндеу жұмыстарын өткізуді қажет етеді. Осыны ескерген қала әкімі жауапты бөлім басшыларына күрделі жөндеу жұмыстары бойынша құжаттарды пысықтауды және білім ордасына барар жаяу жүргіншілер жолы мен жарықтандыру мәселесін шешуді тапсырды.

 

Қыснақбаева Ардана
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
журналистика мамандығының 4 курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.