Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Заң талаптарын орындау жұмыстары жалғасуда

0 33
Кейін кәсіпкерлер Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қабылдауына келіп, өз мәселелерін жеткізді. Қабылдау барысында қала әкімі заң аясында шешім қабылданатынын атап өтіп, тиісті келісімшарт рәсімделген жағдайда балмұздақ, салқын сусындар және тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкерлердің электр желісіне қосылу мәселесі қарастырылатынын жеткізді. Ал заңсыз орналастырылған аттракциондарға электр энергиясы берілмейтіні айтылды.
Айта кету керек, аталған мәселе бұған дейін де бұқаралық ақпарат құралдары мен телеарналарда бірнеше рет көтерілген. Сонымен қатар, қала әкімінің азаматтарды қабылдау кездесулерінде де заңсыз аттракциондардың қызметіне қатысты тұрғындар тарапынан шағымдар айтылған болатын.
Жүргізілген зерделеу нәтижесінде «Жеңіс» саябағы аумағында мемлекеттік жер телімінде заңсыз аттракциондар, сауда нысандары және ойын автоматтары орналастырылғаны анықталды. Сонымен қатар, кейбір аттракциондардың техникалық құжаттары жоқ, олар ұлттық стандарт талаптарына сәйкес тіркелмеген.
Аталған нысандардың заңдылығына қатысты мәселе бірнеше жыл бойы сот органдарында қаралып келеді. Қазіргі таңда қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес сотқа дейінгі хабарламалар жолданып, сот органдарына талап арыз берілген.
Бұл ретте тұрғындардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Осыған байланысты саябақ аумағындағы барлық нысандардың заң талаптарына және қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігі тұрақты бақылауда.
Осыған орай Тараз қаласының әкімдігі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік мүлікті заң талаптарына сәйкес пайдалану бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырады.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.