Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жаңа Қазақстанның» мақсаты – Мәжілістің жұмысын жүйелендіру

0 389

  Мұндай ке­шенді трансфор­ма­ция ең алды­мен парламент қыз­ме­тін­де орын алып, мәжіліс қабыр­ға­сынан бас­талуы шарт! Сондықтан Пар­­ла­мент­тің төменгі палатасын­дағы жұ­мыс­тарды жаңа деңгейге кө­теріп және Пре­зиденттің тапсыр­ма­ларын Мә­жіліс депутаттары тара­пынан қада­ғалау мақсатында «Жаңа Қа­зақстан» атты депутаттық топ­тың құрылға­нын ресми түрде жария­лаймыз! – деді Жаңбыршин Мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен қатар Мәжіліс де­пу­таттарынан құралған топ Үкіметпен бірлесіп халықтың руха­ния­тын күшейтетін, әл-ауқатын жақ­сартатын заң жобаларын дайын­дауға, сайлаушыларымызбен одан әрі тығыз қарым-қатынастар ор­натуға мүдделі екендерін де жет­кізген.
– «Жаңа Қазақстан» депутаттық топ­тың қоғамдағы барлық белсенді саяси партиялармен, наразы топ­тар­мен, үкіметтік емес ұйымдармен жә­не сарапшылармен қоян-қолтық қыз­мет жасауға ынталы және дайын екенін мәлім етеміз. Құрметті ағайын! Қазақта «Бірлесіп көтерген жүк жеңіл» деген сөз бар! Жаңа Қа­зақ­станның жүгін ұлыс болып бірге көтерейік! Президент бастаған ре­фор­маларды саботажға жібермей, аяғына дейін жеткізейік! Бар­шаңыз­ды, елдің іргесін нығайтуға шақыра­мыз! – деді Еділ Жаңбыршин. Ол 30-дан астам депутаттың атынан сөйлеп тұрғанын айтты.
Парламент мәртебесі туралы заңда депутаттардың топ құруға құқығы бар екені айтылған. Оның құрамында Парламенттің кемінде он бес депутаты болуға тиіс.
Ал «Жаңа Қазақстан» құрамында 31 депутат бар, олар: Е.Абаканов, К.Аба­сов, С.Адамбаев, Т.Адамбеков, Б.Әб­діғалиұлы, Ғ.Әміреев, Ж.Әшім­жанов, Е.Бейсенбаев, Г.Бижанова, Н.Дементьева, Б.Дүйсенбинов,
Ғ.Елеуов, Д.Еспаева, Е.Жаңбыршин, С.Имашева, А.Қожахметов, Ғ.Құлах­метов, А.Құспан, С.Мұсабаев, С.Нақ­паев, Қ.Нұр, Е.Саиров, А.Сарым,
А.Ысқақова, Е.Смайылов, И.Смир­нова, Ж.Сүлейменова, Ғ.Ташқараев, З.Сүлейменова, Д.Тұрғанов мен А.Хамедов.

«Үй ішінен үй тігу емес»
Топ не себепті құрылды? Нен­дей мақсат қойып, қандай бағыт­та жұмыс істемек? Ол жұмыс­тар­ды топ құрмай-ақ атқаруға бол­мас па еді? Топ саяси партияға ай­налуы мүмкін бе? Осы сияқты сұрақ­тарға жауап беру үшін топ мү­ше­лері баспасөз мәслихатын да өт­кізді.
Баспасөз мәслихатына 4 депутат қатысты.
Жиында сөйлеген сөзінде Мәжіліс депутаты Айдос Сарым топтың 3 мақсатқа негізделе құрыл­ғанын айтты. Оның біріншісі – Президенттің модернизация жө­ніндегі бастамаларын қолдау, екінші – Мәжілістің күшін арттыру және үшін­ші – аймақтағы өкілетті орган­дар­дың жұмысын жандандыру.
– Түпкілікті мақсатымыз мәжі­ліс­тің жұмысын жаңа бір жолға жаңа бір арнаған бұру, оның ішінде Мә­жілістің ашықтығы, Мәжілістің бел­сенді әңгіме қозғауы, бұл – үл­кен мәселенің бірі, – деді Айдос Сарым.
Депутаттардың айтуынша «Жаңа Қазақстанның» өзі үш кіші топтан тұрмақ. Агроөнер­кә­сіп, экономика және экология жө­ніндегі бірінші кіші топты Еділ Жаң­быршин, адам құқықтары, қауіп­сіздік және құқықтық реформа жөніндегі кіші топты Айдос Сарым, әлеуметтік-мәдени даму және жас­тар бағытындағы кіші топты Ната­лья Дементьева басқармақ екен.
– Сайлау туралы заңды жаңа­лай­мыз. Cол кезде өзара сенім қа­жет. Cондықтан партиялар арасын­да­ғы бәсеке болмауы үшін, партия­лық жобалардың бәсекесі болмауы үшін кейбір саяси тұлғалармен, сая­си партияны құруға ниетті аза­мат­тардың арасындағы осындай бә­се­келестік факторын төмендету үшін осындай форматты ұсынып отыр­мыз, – деді Айдос Сарым.
Сонымен қатар депутат топ құрудағы мақсат «үй ішінен үй тігу» емес, яғни топты саяси пар­тия­ға айналдыру жоспарда жоқ еке­нін де мәлімдеді.

Кездесу өтті
Ал 15 ақпан күні Үкіметте Пар­ла­мент Мәжілісінің «Жаңа Қазақ­стан» депутаттық тобымен кездесу өтті. Кездесуге Премьер-Министрдің орын­басары Ералы Тоғжанов және мем­лекеттік органдардың басшы­лары қатысты. Олар Үкімет пен де­пу­таттық корпус арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа неғұрлым тиім­ді форматын талқылады.
Вице-премьер Мемлекет бас­шы­сы алға қойған міндет­терді сапалы жүзеге асыру үшін Үкі­мет пен «Жаңа Қазақстан» де­пу­тат­тық тобы коммуникацияның за­манауи құралдарын пайдалана оты­рып, тұрақты диалог орнату қа­жет­тілігін атап өтті. Азамат­тар­дың барлық сұраныстарына тұрақ­ты кері байланыс режимінде жедел және пәрменді ден қойылуы керек.
Мәжіліс депутаты Айдос Са­рым халық үшін маңыз­ды және қажетті бастамалардың ай­тыл­ғанын, олар толық көлемде жү­зеге асырылуы қажет екенін, сай­лаушылар Президент белгілеген тап­сырмалар бойынша нақты нәти­желер күтетінін атап өтті. Кездесуге қа­тысушылар депутаттардың өңір­лерге шығу қорытындылары бойын­ша Парламентте бірлесіп, ха­лықты толғандыратын мәселе­лер­ді шешу бойынша нақты шара­лар­ды талқылап, оларды іске асыру туралы шешім қабылдады.

«Жаңа Қазақстан» депутаттарының мақсаты Мәжілістің жұмысын жаңа бір жолға, жаңа бір арнаға бұру екенін айтады. Депутаттар Үкімет және халықпен ашық әрі жедел кері байланыс орнату арқылы шешімін таппай келе жатқан күрмеулі мәселелерді шешеміз деп сендіріп отыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.