Қалалық қоғамдық-саяси газет

Германия ел аумағындағы АЭС орындарының жартысын жауып тастады

0 429

Германия билігі елдегі атом электр станцияларының жартысын жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 31 желтоқсанда елде жұмыс жасап тұрған алты АЭС-тің үшеуі жұмысын тоқтатты. Қалған үшеуін келесі жылдың соңына дейін жабу жоспарлануда, осыдан кейін Германияның энергетика саласы толығымен басқа энергия көздеріне көшеді.

Атом энергиясын кезең-кезеңімен тоқтату туралы шешім 2002 жылы канцлер Герхард Шредердің тұсында қабылданған болатын. Оның мұрагері Ангела Меркель бұл шешімді 2011 жылы Фукусимадағы жапондық атом электр станциясындағы апаттан кейін қолдаған.

2030 жылға қарай неміс билігі көмірдің көмегімен өндірілетін энергияның барлық түрлерінен кезең-кезеңмен бас тартуды жоспарлап отыр.

Ал Қазақстанда 2021 жылы АЭС салу мәселесі күрт күшейді. Қазіргі уақытта билік «Росатоммен» келіссөздер жүргізуде.

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев америкалық режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында атом электр стансасының құрылысы туралы хабарлады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстандағы электр қуатының тапшылығы белгілерін мысалға келтіре отырып, стансаның маңыздылығына тоқталған.

Энергетика министрі Мағзұм Мирзағалиев АЭС-тің қауіпсіздігіне мемлекет емес, инвестор жауап беретінін жеткізді.

АЭС-тердің негізгі кемшілігі апаттардың ауыр зардаптары болып табылады, оларды алып тастау үшін АЭС-тер максималды жобалық апат болған жағдайда да ядроның еруін болдырмайтын көп қорлары мен резервтері бар ең күрделі қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған. Сонымен қатар, бүкіл әлемде 1970-ші жылдардағы қауіпсіздік стандарттарында талап етілетін негізгі қауіпсіздік жүйелері жоқ реакторлар жұмыс істейді. Атом электр станцияларының тағы бір кемшілігі – пайдаланылған ядролық отынды қайта өңдеудің қиындығы.

Кез келген жұмыс істеп тұрған АЭС қоршаған ортаға үш жолмен әсер етеді:

– атмосфераға газ тәрізді (соның ішінде радиоактивті) шығарындылар бөлу;

– үлкен көлемдегі жылу шығарындылары;

– АЭС айналасында сұйық радиоактивті қалдықтардың таралуы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.