Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ана тілің – баға жетпес байлығың

0 232

Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде «Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері» атты қалалық байқау өтті. Жарысқа 15 пен 30 жас аралығындағы үміткерлер қатысып, өзара сынға түсті.

Зере Қуаныш

Көркемсөз зергері Оралхан Бөкейдің прозалық және драмалық шығармалары көпшілікке ерекше сыршылдығымен әрі кестелі тілімен аян. Қала әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен сайыстың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты да талантты жастарды іздеу. Жалпы көркемсөз байқауында бағын сынауға 10 үміткер қатысты.

– Байқау үш кезең бойынша өрбіді. Алғашқы айналымда үміткерлер прозалық шығармалардан үзінді оқыды. Ал екінші кезеңде көркемсөз оқу шеберлігін, үшінші бөлім мәнерлеп оқу қабілетін анықтауға арналды. Барлық қатысушылар байқауға тыңғылықты дайындықпен келген екен.

«Ана тілдің баға жетпес байлығын, бабадан қалған асыл мұраларды сарқылмас қазынаға айналдыру – келешек ұрпақтың парызы. Сондықтан еліміздегі карантиндік жағдайдың барлығын ескеріп, санитарлық нормалардың барлығын ұстап, байқау өз дәрежесінде дәстүрлі түрде жалғасын тапты, – деді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Әйгерім Құдайбергенова.

Жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан өнер додасының жастарға берері мол. Көркем шығармаларды оқуда үлкен қабілет пен мәдениет деңгейін жастарымыз бойына сіңіреді. Бұл жолы қазылар алқасы сайыскерлердің дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауы бойынша бағалады.

Жалпы жарыстың қорытындысы бойынша бас жүлде Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенті Аружан Нұрышоваға бұйырды. Ал жүлделі І орынды Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің студенті Құралай Жаңабаева алса, ІІ орынды Жамбыл инновациялық жоғары колледжінің студенті Ақерке Рябын, ІІІ орынды Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенті Фариза Құдайбергенова иеленді. Енді байқау жеңімпазы облыстық байқауда бақ сынайтын болады.

Жарыс соңында жеңімпаздар жастардың шабытына қанат бітіріп, ана тіліміздің тазалығын сақтауға бағытталған осындай сайыстар жиі ұйымдастырылып тұрса деген тілектерін білдірді.

Жалпы көркемсөз байқауында бағын сынауға 10 үміткер қатысты.

– Байқау үш кезең бойынша өрбіді. Алғашқы айналымда үміткерлер прозалық шығармалардан үзінді оқыды. Ал екінші кезеңде көркемсөз оқу шеберлігін, үшінші бөлім мәнерлеп оқу қабілетін анықтауға арналды. Барлық қатысушылар байқауға тыңғылықты дайындықпен келген екен. «Ана тілдің баға жетпес байлығын, бабадан қалған асыл мұраларды сарқылмас қазынаға айналдыру – келешек ұрпақтың парызы. Сондықтан еліміздегі карантиндік жағдайдың барлығын ескеріп, санитарлық нормалардың барлығын ұстап, байқау өз дәрежесінде дәстүрлі түрде жалғасын тапты, – деді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Әйгерім Құдайбергенова.

Жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан өнер додасының жастарға берері мол. Көркем шығармаларды оқуда үлкен қабілет пен мәдениет деңгейін жастарымыз бойына сіңіреді. Бұл жолы қазылар алқасы сайыскерлердің дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауы бойынша бағалады. Жалпы жарыстың қорытындысы бойынша бас жүлде Абай атындағы

Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенті Аружан Нұрышоваға бұйырды. Ал жүлделі І орынды Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің студенті Құралай Жаңабаева алса, ІІ орынды Жамбыл инновациялық жоғары колледжінің студенті Ақерке Рябын, ІІІ орынды Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенті Фариза Құдайбергенова иеленді. Енді байқау жеңімпазы облыстық байқауда бақ сынайтын болады.

Жарыс соңында жеңімпаздар жастардың шабытына қанат бітіріп, ана тіліміздің тазалығын сақтауға бағытталған осындай сайыстар жиі ұйымдастырылып тұрса деген тілектерін білдірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.