Entries by Жаркын

Ақылға апарар жол

Әлеуметтік желінің жетегінде жүріп, телефонның тұтқасына телміріп өскен өреннің өрісі тар болары анық. Негізі, барлық білім – кітапта. Ақылдың кеніне айналған кітаптың болар балаға берері мол. Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ Міне, көзді ашып-жұмғанша «Кітап оқып, миллионер бол!» байқауы күннен-күнге мәресіне жетіп келеді. Осы орайда балалардың кітап ішіндегі кейіпкерлермен бірге қиялдап, ақыл мен ойдың жетегінде, рухани азықтанып, ой-санасы […]

ХХІ ғасыр – робототехника заманы

Елімізде енді ғана дамып келе жатқан инновациялық саланың бірі – робототехника. Адамның қолы жетпеген жерге ойы жетеді. Мұның дәлелі – бүгінгі заманауи роботтар. Адамзат баласы өзінің қолынан келмейтін көп шаруаны осы құрылғылар арқылы игеріп жатқаны көңіл қуантады. Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ Тарихы Робототехника – адам өміріне дендеп келе жатқан болашағы өте зор сала. «Робот» сөзі алғаш рет […]

«Сағым» киносы көпшілікке жол тартты

Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасының тапсырысымен облыстық кино орталығының қолдауымен түсірілген «Сағым» толық метражды көркем фильмі көрерменге ұсынылды. Арайлым Шабденова Көркем туынды – облыстық кино орталығының толық метражды тұңғыш туындысы. Фильмде асыл дініміздің атын жамылып, бейбіт өмірді құрдымға жіберуге әрекет еткен бөгде ниеттегі топтың іс-әрекеттері шынайы бейнеленеді. […]

Гүл өсіру – үлкен мәдениет

Үй гүлдерін өсіру қайта сәнге айналып келеді. Әсіресе, дизайнерлер үйді ерекше етіп сәндеуде құтыдағы гүлдерді қолдануға кеңес береді. Алайда алдымен кейбір гүлдердің қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеніңіз абзал. Үйде қандай гүлдерді өсіруге болмайды? Осы жағын ойланып көрдіңіз бе? Аллергия тудыратын немесе жағымсыз көңіл-күй сыйлайтын гүлдер де жеткілікті. Біз бүгін бөлме гүлдерінің күтімі мен үйдің ішінде өсіруге […]

Еңбек бәрін түзетеді

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінің базасында «Ұлы дала үміті» атты өндірістік тауарлар көрмесі өтті. Бәтес Шапағат Көрмеге жазасын өтеп жүрген азаматтардың темір торға тоғытылса да, тағдыр жазуына мойымай жасаған түрлі астау, әшекей бұйымдар, былғары аяқ киім сынды заттары қойылған. Төрт бірдей түзету мекемесінен келген сотталушылардың қоғамнан оқшауланбай, белгілі бір іске машықтанып, […]

Есімі жаңарған елорда

Жаңа атау – жаңа серпін Жалғасы. Басы 1-бетте. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-да елорда атауының Нұр-Сұлтан деп ауыстырылуын қолдау бойынша акция өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 23 наурыздағы №6 Жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласы болып қайта аталуы ел тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болып отыр. Осындай айтулы өзгеріске қолдау білдірген көпшілік Марс Үркімбаев атындағы Жастар сарайына […]

Сұлулықтың сұрмергені

Уақыт шіркіннің қаншалықты қымбат екенін сарғайған көне фотоларға көз тігіп білесің. Тіршілік үнемі қозғалыста тұратын алып дөңгелектерімен адамның әрбір адымын тарих қойнауына қарай лақтырып, қызыққа толы тәтті өмірін өткен шақтың еншісіне ендіргісі келеді. Шыр айналған уақыттың сіз бен бізді күтпейтінін кеш байқайтынымыз өкінішті. Тек мұндай механизмді бір сәтке жарқ еткен шап-шағын фотоаппарат қана тоқтатады. Бүгінгі […]

Жақсы келін қызыңдай

Қай заманда да қазақ топырағында салиқалы ене мен ибалы келін сыйластығының керуені үзілген емес. Мәселен, ұлы Абайдың қос анасы Зере мен Ұлжан ене мен келін қарым-қатынасындағы зиялы өнегені көрсетті емес пе?! Толғанай АТАБАй Бүгінгі санымызда қазақтың кешегі ибалы келіні мен сыйлы ененің сара жолын жалғаған «Мейірім» медициналық орталығының директоры, Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы […]

Алып анадан туады

Ана болу – тек дүниеге бала әкелу ғана емес, ол бала тауқыметін налымай көтеріп, балаға саналы тәрбие бере білу. Әр баланың анадан күтері көп. Ең бірінші сәби анадан мейірім, жылылық күтсе, есейе келе ана тарапынан қолдау, өмірде кездескен әр сұрағына жауап күтеді. Бала дегеніміз – болашақ. Ал әр ана өз баласын өсіре отырып, ұлттың да […]

,

Жадымда қалған желтоқсан…

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы ұлт тарихында өшпес із қалдырды. Алаңға шыққан жастардың нақақтан төгілген қаны мен жазықсыз жабылған жазаның жемісі Тәуелсіздік болды. Ал Желтоқсанның мұзға жаққан алауы сөнбек емес… Арайлым Шабденова суреттерді түсірген Ю.Ким Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің жанынан құрылған «ТИГУ жастар театры» Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан желі» атты жаңа қойылымды ел назарына ұсынды. Жас әртістерді […]