Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Таза әрі көркейген аудан – ортақ жауапкершілік

0 31

Әулиета ауданы аумағында 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген елді мекендерді абаттандырудың үлгілік қағидаларының талаптарын түсіндіру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Аталған қағидада аумақтардың тазалығы мен санитариялық жай-күйін сақтау, нысандардың іргелес аумақтарын күтіп ұстау, абаттандыру талаптарын орындау, заңсыз орнатылған дүңгіршектер мен сауда нысандарын анықтау, белгіленбеген орындарда сауда жасауға жол бермеу, кәсіпкерлік нысандарға қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдеу тәртібін түсіндіру, көппәтерлі тұрғын үйлерде МИБ, ПИК және басқарушы ұйымдарға қатысты ақпарат беру секілді маңызды мәселелер қамтылған.
Осының аясында тұрғындарға, кәсіпкерлерге және басқарушы ұйымдардың өкілдеріне тиісті нақты түсіндірмелер, тиісті ұсыныстар берілді. Сонымен қатар алдағы уақытта қағида талаптары сақталмаған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданатыны ескертілді.
Шараға Әулиеата ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, полиция және төтенше жағдайлар қызметтерінің өкілдері қатысты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.