Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

«Медициналық көмектің флагманы»: Жамбыл облысының үздік медициналық ұйымдары анықталды

0 27

Тараз қаласында «Медициналық көмектің флагманы» байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Жеңімпаздарға марапаттарды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ғайни Аймағанбетова және Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Отарбаева табыстады.

Байқауды Қор өзінің құрылғанына 10 жыл толуына орай, сондай-ақ медициналық қызмет көрсетушілердің медициналық көмектің сапасын арттыруына ынталандыру, озық тәжірибелерді дамыту және медициналық ұйымдардың қызметін жетілдіру мақсатында ұйымдастырды.

Байқау 2026 жылғы 1 мамыр мен 1 тамыз аралығында өтті. Оған медициналық қызмет көрсететін барлық ұйымдар автоматты түрде қатысты.

Қатысушылар көрсетілетін медициналық көмектің негізгі бағыттарына қарай екі топқа бөлінді.

Бірінші топқа бастапқы медициналық-санитариялық көмек, консультативтік-диагностикалық және шұғыл медициналық көмек көрсететін медициналық қызмет берушілер кірді.

🏆 Бірінші топ бойынша жеңімпаз – «Шу аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК.

Екінші топқа стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсететін медициналық қызмет берушілер қатысты.

🏆 Екінші топ бойынша жеңімпаз – «Қалалық көпбейінді аурухана және консультативтік-диагностикалық орталық» ШЖҚ КМК.

Байқау қорытындысы бойынша комиссия қатысушылардың нәтижелерін саралап, қызметінің жоғары көрсеткіштерін көрсеткен, жұмысты тиімді ұйымдастырған және медициналық көмектің сапасын тұрақты арттыруға ұмтылған медициналық ұйымдарды анықтады.

«Медициналық көмектің флагманы» атағы – медициналық ұжымдардың кәсіби біліктілігіне, сапалы қызмет көрсетуге және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесіне берілген лайықты баға.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Медициналық ұжымдарға кәсіби жетістіктер, жаңа жобалар мен толағай табыстар тілейміз!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.