Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

МӘМС жүйесіндегі мәртебені қалай тексеруге болады?

0 17

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына азаматтардан МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесін қалай тексеруге және «сақтандырылған» мәртебесін қалай алуға болатыны жөнінде күн сайын көптеген сұрақ келіп түседі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан хабарлағандай, «сақтандырылған» мәртебесі жүйеге келіп түскен жарналар мен аударымдар негізінде автоматты түрде беріледі.

МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесі соңғы 12 айдағы төлемдердің үздіксіз болуына байланысты. Егер азамат үшін бір ай бойы жарна немесе аударым төленбесе, оның «сақтандырылған» мәртебесі өзгеруі мүмкін. Бұл өз кезегінде МӘМС жүйесі аясында көрсетілетін медициналық көмекті алу мүмкіндігіне әсер етеді.

Сондықтан азаматтарға өздерінің сақтандыру мәртебесін тұрақты түрде тексеріп отыру ұсынылады. Мәртебені бірнеше тәсілмен тексеруге болады. Атап айтқанда, eGov.kz электрондық үкімет порталының жеке кабинеті арқылы МӘМС жүйесіндегі мәртебе мен аударылған жарналар туралы ақпарат алуға болады. Сонымен қатар мәртебені Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының msqory.kz ресми сайты, Telegram мессенджеріндегі SaqtandyryBot, Qoldau 24/7 және Damumed мобильді қосымшалары, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы тексеруге мүмкіндік бар.

Сақтандыру мәртебесін алдын ала тексеру азаматтарға МӘМС жүйесі аясындағы медициналық көмекті алу кезінде туындауы мүмкін мәселелердің алдын алуға және қажетті төлемдердің уақытылы жүргізілуін бақылауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жамбыл облысы бойынша филиалы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.