Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға санаторийлік-курорттық емделуге жұмсалған шығындардың өтеу ұсынылады

0 34

Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға санаторийлік-курорттық емделуге жұмсалған шығындардың өтеу ұсынылады (жол шығыны төлемінсіз).

1. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне,
2. Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне,
3. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктері бойынша теңестірілген адамдарға,
4. Еңбек ардагерлеріне,
5. Жасына байланысты зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерге,

•Мүгедектігі бар адамның оңалтудың және абилитациялаудың жеке бағдарламасында санаторий-курорттық емдеу көзделмеген жағдайда;
•Санаторийлік-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды растайтын құжаттар ұсынылған кезде жылына бір рет өтеледі.

•Бұл ретте отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 (үш) еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
•Әлеуметтік көмек 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде көрсетіледі.

Өтініш беруші, аз қамтылғандар санатына жатқан жағдайда, әлеуметтік көмекті алу үшін уәкілетті органға растайтын құжаттарымен жүгінеді.

Жиынтық кірістерді есептеу кезінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларына сәйкес кірістердің барлық түрлері ескеріледі.

Біржолғы әлеуметтік көмекке өтініш беру мерзімі санаторийлік-курорттық емдеу аяқталған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей жүзеге асырылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.