Таразда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жаңғырту және медициналық саланы цифрландыруға бағытталған МӘМС 2.0 жаңа моделін енгізу мәселелері талқыланды.
Маңызды жиынға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Орталық аппараты мен Жамбыл облысы бойынша филиалының өкілдері, сондай-ақ медициналық ұйымдардың жауапты мамандары қатысты.
Жиында Стратегиялық даму басқармасының басшысы Әйгерім Отарбай МӘМС 2.0 трансформациясының негізгі бағыттарына тоқталып, Qalqan бірыңғай цифрлық платформасының мүмкіндіктерін таныстырды.
Qalqan платформасы медициналық көмекті жоспарлаудан бастап оны сатып алу, мониторингтеу және қаржыландыруға дейінгі процестерді бір цифрлық ортада үйлестіруге мүмкіндік береді.
💻 Платформаның негізгі артықшылықтары:
🔹 деректердегі қателер мен сәйкессіздіктерді ерте кезеңде анықтау;
🔹 медициналық ұйымдардың әкімшілік жүктемесін азайту;
🔹 қажетті ақпаратты жедел алуды қамтамасыз ету;
🔹 медициналық көмекті жоспарлау мен қаржыландыру үдерістерінің ашықтығын арттыру.
📌 Кездесуде медициналық қызмет көлемдерін жоспарлау, қаржыландыру тетіктері, цифрландыру және тәуекелге бағдарланған мониторингтің жаңа тәсілдері кеңінен қаралды.
Медициналық ұйымдардың мамандарына платформамен жұмыс істеу тәртібі көрсетіліп, нақты жұмыс үдерістеріне қатысты сұрақтарға жауап берілді. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа модельді іске асыруға қатысты ұсыныстарын білдірді.
МӘМС 2.0 трансформациясы – медициналық көмекті жоспарлау мен қаржыландыру процестерін жаңғыртып қана қоймай, оларды барынша ашық, тиімді және цифрлық форматқа көшіруге бағытталған қадам.