Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысының сурдо спортшылары – күміс жүлдегер

0 23

Жамбылдық спортшылар Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының IV Спартакиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте 186 ұпай жинап, ІІ орын иеленді.

Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын дүбірлі дода еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік спортшылардың басын қосып, олардың спорттағы шеберлігі мен жігерін, табандылығы мен кәсіби дайындығын сынға салған айтулы бәсекеге айналды.

Биылғы Спартакиадаға еліміздің 19 өңірінен 1 500-ден астам спортшы қатысып, спорттың 10 түрінен 274 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Жарыстар бірнеше өңірде ұйымдастырылды. Атап айтсақ, 10-12 тамыз аралығында Алматы қаласында сурдо жеңіл атлетикадан, 10-15 тамыз күндері Алматы облысы, Алмалыбақ ауылында сурдо жүзуден жарыстар өтті. Ал 17-25 тамыз аралығында Орал қаласында еркін және грек-рим күресі, шахмат, футбол, таеквондо, дзюдо, бадминтон және үстел теннисі бойынша жарыстар ұйымдастырылды.

Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі 17 тамызда, ал жарыстың жабылу рәсімі 25 тамызда өтті.

Бірнеше күнге созылған тартысты спорттық додада Жамбыл облысының спортшылары жоғары дайындықтарын көрсетіп, облыс намысын абыроймен қорғады. Нәтижесінде Жамбыл облысы 186 ұпай жинап, 96 медаль (27 алтын, 23 күміс, 46 қола) жеңіп алып, командалық есепте ІІ орынға ие болды.

Жалпы командалық есептің қорытындысы бойынша:

І орын  Алматы қаласы – 228 ұпай;

ІІ орын  Жамбыл облысы – 186 ұпай;

ІІІ орын Астана қаласы – 155 ұпай.


Дзюдодан командалық есепте І орын

Жамбыл облысының дзюдошылары Спартакиадада шеберлік танытып, 4 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Осы нәтиженің арқасында командалық есепте І орынға көтерілді.

Жеңімпаздар қатарында Айдос Тугелбаев (90кг), Фериде Кара оглы (52кг), Айгерім Абишова (57 кг) бар.

Күміс жүлдені Эвелина Егембердиева (63кг), Жұлдыз Жақсылыкова (70кг), Анна Краморова (+78 кг), Ерболат Құралбек иеленді.

Ал Дильноза Муралимова (48 кг), Абубакир Кара оглы (60кг), Геннадий Штырков (100кг) қола медальға қол жеткізді.

Спортшыларды дзюдодан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Хайрулла Лукманов дайындады.


Еркін күрес шеберлері де топ жарды

Еркін күрестен Жамбыл облысының спортшылары 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль еншілеп, командалық есепте І орын иеленді.

Алтын жүлдегерлер – Нұрсұлтан Дүйсембиев (57кг), Габит Есжанов (61кг), Ғасыр Тұрғынбай (79кг), Шыңғыс Әлдибаев (92кг).

Күміс жүлдені Бағдат Сабитов (86кг), Әділет Жамбыл (74кг) алса, қола медаль Нышанбек Мырзахмет (65кг), Дәурен Жақсымбек (97кг) еншісіне бұйырды. Жамбылдық балуандарды еркін күрестен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ерназар Қонысбаев дайындады.


Сурдо жүзуден – 42 медаль

Спартакиадада Жамбыл облысының жүзушілері де жоғары деңгейде өнер көрсетті. Сурдо жүзуден өңір спортшылары 10 алтын, 11 күміс және 21 қола медаль жеңіп алып, қоржынға жалпы 42 жүлде салды. Командалық есепте ІІ орынға ие болды.

Бұл бағытта Софья Закутняя айрықша нәтиже көрсетті. Ол 400 және 800 метрге еркін жүзуден, 4х200 метр еркін жүзу эстафетасынан және 4х100 метр еркін жүзу аралас эстафетасынан 4 алтын, сондай-ақ 200 метр баттерфляйдан 1 күміс медаль иеленді.

Руслан Раймбеков 4х200 метр еркін жүзу эстафетасынан қола медальға қол жеткізді.

Мұхамед Еркімбек 4х200 метр еркін жүзу аралас эстафетасынан алтын, 400 және 800 метрге еркін жүзуден екі күміс, 50 метр баттерфляй және 4х200 метр еркін жүзу эстафетасынан екі қола медаль жеңіп алды.

Аружан Қанатқызы 4х200 метр еркін жүзу эстафетасынан алтын, 200 метр еркін жүзу және 4х100 метр кешенді жүзу эстафетасынан күміс, сондай-ақ 200 метр еркін жүзуден қола жүлдеге ие болды.

Маржан Сыдығалы 4х200 метр еркін жүзу эстафетасынан алтын, 4х100 метр кешенді жүзу эстафетасынан күміс медаль иеленді.

Қымбат Темірбек 4х200 метр еркін жүзу эстафетасынан алтын, 4х100 метр кешенді жүзу эстафетасынан күміс, 50 метр еркін жүзу және 100 метр баттерфляйдан екі қола медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ Досжан Рахымұлы үш қола, Мұхаммедхайдар Нұрланұлы екі қола медаль еншіледі.

Анастасия Полетаева 4х100 метр еркін жүзу аралас эстафетасынан алтын, 4х100 метр кешенді жүзу эстафетасы мен 200 метр кешенді жүзуден күміс, сондай-ақ қола медаль иеленді.

Еділ Альмахан мен Исмаил Ибрагимов эстафеталық жарыстардан қола жүлдеге ие болды.

Ерасыл Сандыбай 4х100 метр еркін жүзу аралас эстафетасынан алтын, 100 метр баттерфляйдан күміс, 200 метр баттерфляй және 4х100 метр еркін жүзу эстафетасынан қола медаль жеңіп алды.

Эвелина Васильева үш қола, ал Виктор Васильев 4х200 метр еркін жүзу эстафетасынан қола жүлде иеленді.

Жүзу шеберлерінің дайындығына жаттықтырушылар Асқар Усубалиев, Серік Раисов және Елдос Әбілдаев жетекшілік етті.


Грек-рим күресінен Жамбыл облысының спортшылары 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, командалық есепте ІІІ орын көрсетті.

Нұржан Асан (87кг) мен Абзал Досжанов (82кг) алтын медаль жеңіп алды.

Рауан Аңсабек (72кг) күміс жүлдеге, ал Нышанбек Мырзахмет (67кг) қола медальға ие болды.


Таеквондодан жамбылдық спортшылар 4 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, командалық есепте IV орынға тұрақтады.

Диас Рысбеков алтын медаль иеленсе, Олжас Рысжанов бір алтын және бір қола жүлде жеңіп алды. Мади Сейсенбаев екі алтын медальге қол жеткізді.

Қарлығаш Ойсылбаева бір алтын және бір күміс, Бота Тугелбаева екі күміс, Ерболат Сағат күміс, Дильназ Рысбекова қола медаль иеленді.

Жамбылдық таеквондошыларды Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары Александр Ан, Нұржан Есильбаев  және жас жаттықтырушы Елдос Ысқақ дайындады.


Үстел теннисінен облыс спортшылары 14 қола медаль иеленіп, командалық есепте IV орынға тұрақтады. Команда құрамында жақсы ойын көрсеткен спортшылардың қатарында Күлжамила Адилова бар. Жаттықтырушылары – Ислом Моминов пен Талғат Райымбеков.


Шахматтан Берик Нұрымов блиц түрінен 1 қола медаль жеңіп алды.

Ерлер мен әйелдер командаларының жақсы ойын көрсетуінің нәтижесінде Жамбыл облысы командалық есепте VIорынға ие болды. Жаттықтырушысы – Дулат Ерғазы.


Футболдан Жамбыл облысының командасы тартысты бәсекеде жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп, қорытынды есепте VI орын иеленді. жаттықтырушылары Ерсайын Мұдрашев пен Алмаз Каинбаев

Жеңіл атлетикадан Жамбыл облысының спортшылары 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Яна Сибирякова үштік секіру мен найза лақтырудан           2 алтын, биіктікке секіруден 1 күміс медаль иеленді. Диск лақтырудан Нұрлыбек Тажиев пен Татьяна Шведова қола жүлдегер атанды. Жаттықтырушысы – Тахир Мамашаев.


Бадминтоннан Жамбыл облысының құрамасы командалық есепте Х орын көрсетті.

Жетістік–қажырлы еңбектің нәтижесі. Жалпы, Жамбыл облысының спортшылары Сурдлимпиадалық IV Спартакиада барысында жоғары шеберлік, табандылық және жігер танытып, облыс спортын ел көлемінде тағы бір мәрте биік деңгейде таныта білді.

Жамбылдықтардың командалық есепте күміс жүлдеге ие болуы – өңірдегі сурдлимпиадалық спорттың жүйелі түрде дамып келе жатқанын көрсететін маңызды жетістік.


Бұл жетістік спортшылардың күнделікті тынымсыз дайындығы мен табандылығының, жаттықтырушылардың кәсіби шеберлігінің, сондай-ақ ұйымдық және әдістемелік жұмыстардың үйлесімді жүргізілуінің нәтижесінде мүмкін болды.

Команданы дайындауға және спортшылардың Спартакиадаға қатысуын ұйымдастыруға мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының басшысы Нұржан Жолдасбеков пен клуб әдіскерлері елеулі үлес қосты. Олардың жаттығу үдерісін үйлестіру, спортшыларға ұйымдық және әдістемелік қолдау көрсету, сондай-ақ жаттықтырушылар құрамымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бағытындағы еңбегі команданың жалпы дайындығының ажырамас бөлігіне айналды.

Жамбыл спортшыларының бұл жетістігі өскелең ұрпаққа лайықты үлгі болып, өңірдегі сурдлимпиадалық қозғалысты одан әрі дамытуға берік негіз қалайды.

Жеңісті жолдарыңыз жалғаса берсін! Жамбыл облысының спортшылары алдағы уақытта да республикалық және халықаралық жарыстарда өңір мен ел намысын абыроймен қорғап, жаңа биіктерді бағындырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізе берсін! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын биікке көтеріп, Қазақстанның көк байрағын әлемдік спорт аренасында асқақтата беріңіздер!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.