Қазақстандық Team KZ командасы «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирінде Phygital Shooter presented by Yandex Go дисциплинасының жеңімпазы атанды!
Тартысты финалда біздің команда Liga Pro Team қарсыластарын 2:1 есебімен жеңіп, алтын жүлдені иеленді.
Бұл жеңіс — Қазақстан үшін турнирдегі ерекше сәттердің бірі. Team KZ өз шеберлігін, мықты командалық рухын және жеңіске деген жігерін көрсетіп, халықаралық аренада үздік атанды.
Team KZ командасын жарқын жеңіспен құттықтаймыз!