Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

0 62

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

                       Тараз қаласы                                                 № 2494                                                       2026 жылғы 27 тамыз

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84, 85, 86-баптарын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33, 37-баптарын, «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ғ.Алтаевтың 2026 жылғы 14 тамыздағы №1673 хаты негізінде Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тараз қаласы, Сыпатай батыр көшесінен Жамбыл даңғылына дейін темір жол және өнеркәсіптік аймақ арқылы өтетін эстакадасы бар Абай даңғылының жалғасын салу. Көшеней көшесінен Сыпатай батыр көшесіне дейін нысандары бойынша көпір құрылысының құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін төмендегі меншік иелерінің жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүліктерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын:
1) Шомурод Бахромович Муминовтың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Әулиеата ауданы, Абай даңғылы, №4 «А» жайдағы қойма нысандарын орналас- тыру үшін, көлемі 3,0451 га (кадастрлық нөмірі 06-097-019-003) жер учаскесінің 0,1830 га бөлігі;
2) Пелагея Павловна Туралиеваның жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Әулиеата ауданы, Абай даңғылы №2 ғимарат №1 пәтер жайдағы тұрғын үйдің құрылысын салу және оған қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0866 га (кадастрлық нөмірі 06-097-019-005) жер учаскесінің 0,0393 га бөлігі;
3) Абдукарим Бектибаевич Каримзаковтың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Әулиеата ауданы, Мәмбет батыр көшесі №7 жайдағы үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін, көлемі 0,9928 га (кадастрлық нөмірі 06-097-019-088) жер учаскесінің 0,2223 га бөлігі;
4) Света Куралбаевна Уразованың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Әулиеата ауданы, Мәмбет батыр көшесі №7 «Б» жайдағы үй-жайларға (құрылыс- тар мен ғимараттарға) құрылыс жүргізу және қызмет көрсету үшін, көлемі 1 га (кадастрлық нөмірі 06-097-019-577) жер учаскесінің 0,3069 га бөлігі;
5) Танира Аиповна Джакаеваға жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Әулиеата ауданы, Мәмбет батыр көшесі №8 «А» жайдағы үй жайларға (құрылыс- тар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін, көлемі 0,5820 га (кадастрлық нөмірі 06-097-019-714) жер учаскесі;
6) «Salangani» ЖШС-нің жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Әулиеата ауданы, Мәмбет батыр көшесі №6 «Г» жайдағы өңдірістік базасы үшін, көлемі 1,3206 га (кадастрлық нөмірі 06-097-019-347) жер учаскесінің 0,1764 га бөлігі;
7) Абдрашид Абдукаримович Иштаевтың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Әулиеата ауданы, Мәмбет батыр көшесі №6 «В» жайдағы шұжық цехы үшін, көлемі 1,9488 га (кадастрлық нөмірі 06-097-019-251) жер учаскесінің 0,0460 га бөлігі.
2. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың келісім рәсімдерін жүзеге асыру меншік иелерімен жер пайдаланушылар жүгінетін орны «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Тараз қаласы, Әулиеата ауданы, М.Жүнісәлиев көшесі, №1, байланыс телефоны: 43-54-77 — деп көрсетілсін.
3. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне меншік иесіне өзге жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті беру немесе мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын өтеу бойынша іс-шараларын ұйымдастыру тапсырылсын.
4. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне меншік иесіне жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылуына байланысты жылжымайтын мүлікпен жер учаскесін сатып алу бойынша келісімшарттағы көрсетілген қаражатты уақытылы аударуы тапсырылсын.
5. Сатып алынған жер учаскесі мен жылжымайтын мүліктер мемлекет меншігіне қабылданып, Қазақстан Респуб- ликасының Жер кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өткізілсін. Қабылдау актісімен алынған жылжымайтын мүліктерге заңнама аясында бұзу және бөлшектеу жұмыстары жүргізілсін.
6. Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні қаулының ресми жариялану күнінен үш айдан кейін 2028 жылдың 27 тамызына дейін деп айқындалсын.
7. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Д.Жаманбаевқа жүктелсін.

Қала әкімі                                                                                                                                       Б.Орынбеков

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.