Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Спортшыларға қалай тұрғын үй алуға болады?

0 51

Құрметті қала тұрғындары! Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі «Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану» мемлекеттік қызметін көрсетеді. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

«Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану» мемлекеттік көрсетілетін қызметін аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.
Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары немесе жүлдегерлеріне тұрғынжайды беруді қаржыландыру Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық Паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің ресми шешімі немесе хаттаманы алған кезден бастап алты айдан кешіктірілмей жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Спорт түрінен аккредиттелген ұлттық спорт федерациясы Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындар біткен күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті федерацияның мөрімен расталған Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің және халықаралық федерацияның жарыс хаттамасын немесе ресми шешімін береді.
Уәкілетті орган Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің және халықаралық федерацияның жарыс хаттамасын немесе ресми шешімін 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЖАО-ға электронды түрде жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын зерделейді және көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды беруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – бөлімше) хат жібереді, ол 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.Бөлімше хатты қарағаннан кейін оны тұрғын үй комиссиясының қарауына жібереді.
Тұрғын үй комиссиясы хатты 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қарайды.
Тұрғын үй комиссиясының оң шешімі негізінде, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жергілікті атқарушы органның тұрғын үй беру туралы қаулысын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап шығарады.
Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары немесе жүлдегерлеріне тұрғынжайды беруді қаржыландыру Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық Паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің ресми шешімі немесе хаттаманы алған кезден бастап алты айдан кешіктірілмей жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілу қағаз түрінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
• Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен көрсетіледі немесе www.egov.kz порталы арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
• Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Респуб- ликасы Туризм және спорт министрлігінің www.gov.kz/entities/tsm интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
Осы заңдарға сілтемені төменде көрсетілген QR-кодты сканерлеу арқылы толық көре аласыздар.
2025 жылдың 15-26 қараша аралығындағы Токио қаласында өткен, XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында жүлделі орын алған Қазақстан Республикасының ұлттық құрама команда спортшылары:
1) Айдос Түгелбайұлы Түгелбаевқа;
2) Габит Тұрсынханұлы Есжановқа;
3) Анна Игоревна Крамороваға;
4) Ғасыр Мадиярұлы Тұрғынбайға;
5) Фериде Яшаровна Кара оглыға 2026 жылдың ақпан айында көрсетілетін қызметті алушы ретінде белгіленген шарттарға сай мемлекеттік тұрғын үй қорынан өтеусіз негізде пәтерлер берілді.

Сұлтанмахмұт УТЕШОВ,
Тараз қаласы әкімдігі тұрғын үй қатынастары
бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.